«Қаллеки» театры «Ана жүрегі» атты моноспектакль ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театры «Ана жүрегі» атты моноспектакль ұсынады

15.02.2016
«Қаллеки» театры «Ана жүрегі» атты моноспектакль ұсынады

Бүгін яғни, 15 ақпан кешкі сағат 18:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында актриса Бақыт Жұмағұлованың сомдауында «Ана жүрегі» атты моноспектакльдің премьерасы өтеді.

Шығарма  жазушы  Ш.Айтматовтың «Құс жолы» повесі негізінде «Ана жүрегі» атауымен жарық көрді.  Қиын қыстау кездегі Ананың туған жеріне, халқына, ең бастысы, жары мен балаларына деген махаббатын, батылдығын, шыдамдылығын қойылым негізіне арқау еткен.

Шығарманы қазақ тіліне аударған – Ш.Мұртаза. Спектакльдің режиссері – ҚР Халық әртісі Тілектес Мейрамов.

Біздің анықтама:

Бақыт Ботпайқызы Жұмағұлова - Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданында дүниеге келген.1984 жылы қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы Қарағанды музыка училищесінің домбыра сыныбында оқыды.

1986-1988  жылдары  М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының жанындағы драма студиясы  Әубәкір Рахымовтың сыныбына қабылданады.

1988-1997жылдары   Талдықорған қаласының қазақ  драма театрында актриса  қызметін атқарды.

Осы театрдағы он жыл еңбегінде көптеген рөлдерді сахнаға бейнелеп шығарды. Олар: «Пұшайман болған әулие» - Әйел, «Ақын-Сара» - Сара, «Шырағың сөнбесін» - Света,  «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Зәуреш,  «Еңлік-Кебек» - Еңлік т.б.

1997 жылдан Астана қаласындағы  Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек етіп келеді. 2002-2005 жылдары Қазақ Музыкалық Ұлттық академиясының театр және кино бөлімінің актер мамандығын бітірді.

Театрдағы рөлдері: М.Хасенов «Қош бол ардағым», М.Әуезов «Қанды азу», «Қарагөз»-Үш әйел,  Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек»-Дүрия, Ш. Айтматов «Ана-Жер-Ана» - Жер-Ана,  «Ақ кеме» - кемпір, Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Беу,қыздар-ай»-Айсұлу,Б.Ұзақов«Жандауа»-кемпір, Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» - Әлизә, Е.Жуасбек «Үйлену» - Мерек, «Антивирус» - Фатима, «Әзәзіл» - Екінші әйел, Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы»-Динаның жеңгесі, Т.Джюдженоглу«Көшкін»- қауым мүшесі, М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» - Донна Изабелла, Ш.Мұртаза «Бір кем дүние».                                                           

Хабарламаларға жазылу