Кеше яғни, 16 сәуірде Астанадағы Ұлттық музейде ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткен-тін. Осыған орай филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.
«Шара өте мазмұнды болды. Халықтың Абайға деген ілтипаты жоғары. Біздің ғалымдардың тамаша ой-толғамдары көңілді серпілтті. 1904 жылы Абай дүниеден озғанда, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов: «Абай – қазақтың жалғызы, қазақтың сом алтыны», деген. Бұл ойда телегей теңіз мағына жатыр.
Шынымен де, қазақ тарихында, қазақ руханиятында Абайдың тұлғасы ерекше. Абай – арғы-бергі ғасырлардағы өз елінің, шығыстың, батыстың, жалпы әлемнің ғұламаларының ой-маржандарын оқып-тоқып, соны жаңаша өрнектеген ақын».
Абайдың 100 жылдығы өткен кезде сол кездегі БҰҰ бас хатшысы Федерико Майор: «Абай – ғұлама, ойшыл. Ол – Тәңірдің құдыретімен жаралған әулие. Ол – бүкіл адамзаттың санасына даналықтың дәнін екен адам. Мәдениет тарихындағы ұлы тұлғалармен иық теңестіретін шамшырақ»,-деп жоғары баға берген.
Сондықтан, Абайдың мұрасы бізге керек. Абай ойларының, толғаныстарының адамның тағдырын анықтағыштық қасиеті бар. Әрине, оның көркемдік қызметі, философиялық мәні, жас ұрпақтың адам болуына аса қажет»,-дейді профессор.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.