Алимент шет елде жүрген борышкерлерден де өндіріледі
Елімізде детектив мамандар пайда болады? Бүгін Мәжіліске Заң жобасы таныстырылды. Одан бөлек, енді алименттен ешкім қаша алмайды. Шет елде жүргендерден де өндірілетін болады. 17 мемлекетпен қоса ТМД елдерімен келесім бар. Самал Қабышева баяндайды.
Енді борышкер шет елде жүрсе де алимент автоматты түрде өндірілетін болады. 17 елмен келісім бар. Беларусь, Молдова, Грузия, Корея, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Пәкістан, Өзбекстан, Қытай, Әзербайжан, Вьетнам, Түрікменстан, Түркия,Үндістан, БАӘ, Иран. Яғни, осы елдерде жүрген қазақстандық борышкерлерден алимент өндірілетін болады. Бүгін бұл тізімдегі елдер қатары тағы көбейді. Енді ТМД елдері де қосыылды. Мәжіліс бүгін осы келісімді мақұлдады.
Ерлан Сәрсембаев, ҚР Әділет министрі:
Қазақстан ашық мемлекет. Азаматтарымыз шет елде жұмыс істейді, тұрады. Отбасын құрады. Алайда трансшекаралық отбасылық даулар саны артып келеді. Мұндай істердің ең пуыр мәселесі ажырасу емес, алименттің төленбеуі. Мемлекет сырттай бақылаушы бола алмайды. Біз халықаралық ынтымақтастық арқылы, юридикциямызды тыс жерде жұмыс істейтін тетік құруға міндеттіміз.
Бүгін ратификацияланған заңға сәйкес, Қазақстан сотының шешімі ТМД елдерінде бірден орындалады. Яғни құжатты олар алғаннан кейін 15 күн ішінде шешім қабылдап, алиментті өндіруге жіберу қажет. Бұл борышкерлердің жауапкершіліктен қашу мүмкіндігін азайтып, балалардың құқығын халықаралық деңдейге қорғауды күшейтеді.
Қазақстанда кімдер детектив болып жұмыс істей алады?
Бүгін сондай-ақ Мәжіліс қабырғасында тағы бір маңызды құжат – «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасы таныстырылды. Егер заң қабылданса, елімізде детектив мамандығы ресми түрде заңдастырылады. Депутат Абзал Құспанның айтуынша, цифрлық технология дамыған заманда тәуелсіз зерттеу жүргізе алатын, дерек іздейтін мамандар қажет.
Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Көрші Ресейде 1992 жылдан бері детектив қызмет реттелген, Қырғызстанда 1994 жылдан бері бар. Қызғыз бен Қазақтың менталитетінде қандай айырмашылық болуы мүмкін. Ең бастысы басына күн туған адам мейлі қай тараптан болса да, қосымша альтернативті түрде жүгінуге мүмкіндік алады. Қарапайым халыққа не үшін қажет? Атырауда болған жағдайда, соны ресми органдардан бұрын Атыраулық хакер деген атпен белгілі, Дубайда тұрып жатқан азаматтан нұсқасын бірінші көрдік.
Сондықтан цифрлық технологияның тілін меңгерген мамандардың зерттеуіне жол ашу үшін детектив туралы заң қабылданады. Олар лицензиямен жұмыс істейді. Құжатқа әлі толықтырулар енгізіледі.
Самал Қабышева, тілші:
Детектив болу үшін қандай талаптар қойылады? Заң жобасына сәйкес, үміткердің заңгерлік білімі, тиісті еңбек өтілі болуы керек. Әсіресе құқық қорғау органдарында тәжірибесі бар азаматтарға басымдық берілуі мүмкін. Сонымен қатар лицензия алу, арнайы тіркеуден өту және кәсіби талаптарға сай болу міндеттеледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы