Телекөпір арқылы жаңа Конституция жобасы талқыланды
Жаңа Ата Заң жобасы ауқымды интерактивті телекөпір арқылы талқыланды. Елдегі ірі телекоммуникациялық оператор қызметкерлеріне осындай мүмкіндік жасады. Жаңа Конституция жобасында жеке өмірге қол сұқпаушылық кепілдіктері, азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты нормалар енгізілді. Сондай-ақ хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу және банк салымдарының құпиясы да конституциялық деңгейде қорғалмақ. Ұйымдастырушылар жаңа Конституция құқықтық сауаттылықты арттыруға, инновациялық тұрғыда дамуға әрі цифрлық қоғам қалыптастыруға жол ашатынына сенеді.
Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы:
Конституцияда не береді? Қандай жаңа жаңашылдықтар болады? Сол туралы сұрақтар да көп. Сондықтан сол сұрақтарға жауап беруге және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін. Жалпы әрбір аймақтарда жүргізілген болатын осы жұмыс. Бірақ қазір осындай форматта Телемост ретінде, яғни барлық аймақтарды қосып, осы арқылы және осында 500-ден астам жұмыскерлеріміз жиналды.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шын мәнінде түсінік пайда болып жатыр. Кезінде білімнен, медицинадан айырады екен деген сияқты даурықпа әңгімелер тыйылды деуге болады. Негізінен жұмыс өте тиімді жүріп жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16