Басты Жаңалықтар Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдады

Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдады

Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын қолдайды. Бүгін EXPO конгресс-орталығы алаңында өткен кездесуде елдің барлық өңірінен жиналған мыңға жуық әйел осыны жеткізді. Жиында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік саясатқа ерекше мән беретінін атап өтті. Мәжілісі спикеріінң айтуынша, жаңа құжатта  отбасы институтын қорғау, неке ұғымын ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде бекіту, ана мен баланы қолдау тетіктерін күшейту нақты көрініс тапқан.  Премьер-Министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі сипатын сақтай отырып, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыратынын жеткізді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:

Президент бірнеше рет атап өткендей, әр адам білім алуға, өзін дамытуға талпынуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы өмірлік көзқарасы жаңа Конституцияның идеологиясымен үндеседі. Онда еліміздің білімді және прогрессивті қоғамға қарай даму жолы айқындалған. Оның басты байлығы – адам капиталы және жастардың терең білімі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміз білімнің терең құндылығын түсініп, ғылымға, мәдениетке ұмтылады деген сөз. Бәлкім, бұл – Президенттің ең асыл арманы, енді Конституцияның өзегіне айналады.
Бөлісу