Басты Жаңалықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті

Кездесу барысында қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі нығайту, байланыстардың кең ауқымы бойынша өзара ықпалдастықты арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды akorda.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоған сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету жолдарын қарады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттарды да қозғады. 

Қазақстан Президенті екі ел арасында орнаған достық және бауырластық қарым-қатынас өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.

«Сіздің басшылығыңызбен Түркия соңғы 12 жылда зор табыстарға жетті. Ол экономикалық көрсеткіштері жағынан әлемде 16-орында, бұл – бүкіл халықтың еңбегі және Сіздің күш-жігеріңіздің нәтижесі. Сізбен бірге үлкен делегация келді, олар бүгін екіжақты бизнес форумға қатысады. Сіздің сапарыңыз біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін», – деді Қазақстан Президенті.

Бөлісу