«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
Түркістанда вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған ән фестивалі басталды. Дара тұлғаның қайталанбас туындыларын дәріптеген өнер кешіне дүйім жұрт жиналды.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Бүгін Түркістан төрінде вальс королінің шығармашылығына арналған «Шәмші әндері» фестивалі әнсүйер қауымды бір арнаға тоғыстырды. «Керуен Сарай» кешенінің сахнасында шырқалған жауһар туындылар көрерменді сағынышқа толы сырлы әуенмен тербетуде. Ау температурасының 45 градус ыстықты көрсетіп тұрғанына қарамастан, халықтың қарасы қалың. Дәл қазір менің жанымда осы кештің ұйымдастырушылары тұр, Мұқағали мырза, арада қанша жыл өтсе де Шәмші әндері халықпен бірге жасап келеді.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Кеш барысында халық сүйіп тыңдайтын туындылар елге танымал эстрада жұлдыздарының орындауында шырқалып жатыр. Ән падишасының жауһар туындыларын көрермен ерекше ықыласпен қабылдап, қосыла шырақуда. Тұтас қазақты тебіренткен композитордың өлмес мұрасы осылайша Түркістан төрінде тағы бір мәрте жаңғырды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Самұрық-Қазына» қолдауымен Третьяков галереясының көрмесі ашылды
09.10.2026, 17:27
Алтын Орда тарихын заманауи форматта насихаттағандар марапатталды
09.10.2026, 17:25
Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі
09.10.2026, 17:23
Ұстаздық еткен жалықпас
09.10.2026, 17:22
Тарихшы: Жастарымыз тарихын білу керек
09.10.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
09.10.2026, 17:17
Зачаган кентінде даму және шығармашылық орталығы салына бастады
09.10.2026, 17:15
Әлемде туу көрсеткіші төмендеп келеді
09.10.2026, 17:13