Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде Ақмола мен Қарағанды облыстарында су деңгейі көтерілуі мүмкін
Алдағы тәуліктерде Ақмола мен Қарағанды облыстарында су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қазгидромет мамандары осыны ескертеді.
Нұра өзеніндегі Самарқанд, Шерубай-Нұра су қоймаларында су деңгейінің артуына байланысты Қарағанды облысының Нұра ауданында, Ақмола облысының Целиноград, Қорғалжын аудандарын су басу қаупі артады деп болжануда.
Қазірдің өзінде тасқын жағдайына байланысты Ақмола облысының Целиноград, Астрахань, Аршалы, Қорғалжын аудандарында барлығы 542 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, аталған аудандарда құтқарушылар тобы қатаң тәртіпте жұмыс істеуде. Өзендердегі судың бөгелген жерлерінде суды жару мен бөгеттерді бекіту жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қырғызстан әртістері «Раймалы мен Бегімай» мюзиклін қойды
18.03.2026, 13:27
Оқушылар роботтарды ұлттық ойынға қосты
18.03.2026, 13:24
18 наурыз – Ұлттық киім күні
18.03.2026, 13:21
Иран Израильді кассеталы зымырандармен атқылады
18.03.2026, 13:15
Ақтөбе облысы су тасқынына дайындалуда
18.03.2026, 13:12
Су кодексіндегі бірқатар норма күшейтілді
18.03.2026, 13:09
Конституцияның мәтіні «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланды
18.03.2026, 13:06
Жаңа Конституция – халықтың игілігі үшін
18.03.2026, 13:03