Атырауда «Tour de Saraishyq – 2026» велошеруі өтті
Атырауда тарих пен спорт тоғысқан велошеру өтті. «Tour de Saraishyq – 2026» жарысына 150-ден астам әуесқой спортшы мен шетелдік қатысты. Қатысушылар Атыраудың көрікті жерлерін басып өтіп, 100 шақырымды велосипедпен еңсеріп, көне Сарайшықта бас қосты.
Сағат таңғы жеті. Сұлтан Бейбарыс алаңына жиналғандардың қарасы қалың. Бірі –
әуесқой велосипедші, енді бірі – триатлонмен тұрақты айналысатын спортшы.
Барлығының бағыты бір – Сарайшық. Шеруге облыс әкімі Болат Ақшолақов та
қатысты.
Болат Ақшолақов, Атырау облысының
әкімі:
Туристік кластерді дамыту үшін үлкен үлес қосатын шараның бірі. Өздеріңіз білесіздер, ол жер өте қасиетті, тарихи жер. Сарайшық деген кезінде Алтын орданың орталығы болған жер. Сондықтан ол жерге жастар, туристер тартылады деген үміттеміз.
Шеру басталған сәттен-ақ жүздеген велосипедші қала
көшелерімен жарыса жөнелді. 100 шақырымдық бағыт Атыраудың басты көшелері мен
көрікті орындарын қамтыды. Қатысушылар Азия мен Еуропаны жалғаған көпірлерден
өтіп, Жайықтың қос жағалауын бойлай Сарайшыққа бет алды. Араға 3 сағат салып,
мәрені алғаш боп өңірдің кәсіби спортшылары кесті.
Жолдас Жантілек, спортшы:
Маған 6 жыл айналысып келе жатқандықтан оңай болды. Қатты қиналған жоқпын, қатты шаршаған да жоқпын, қатты оңай да болған жоқ енді, орташа болды ғой.
Нұрбол Сыдықов, облыстық Дене
шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы:
Бұл жалпы екінші рет өтіп жатыр. Өткен жылы 200-ге жуық велошабандоз қатысты, биыл 160 адам қатысып жатыр. Жалпы, алдағы уақытта бұл шара республикалық күнтізбеге кірген. Енді дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді.
Бір кезде Ұлы Жібек жолының бойында ірі саяси әрі сауда орталығы болған мекенге
бүгін заманауи спортшылар табан тіреді. Осылайша «Tour de Saraishyq» тарих пен
туризмді, спорт пен салауатты
өмір салтын бір арнаға тоғыстырған дәстүрлі шараға айналып келеді.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пара оқ атудан Әлем чемпионатының жүлдегерлері оралды
14.09.2026, 17:33
Астанада AI фильм фестивалі өтеді
14.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
14.09.2026, 17:20
Созақта уран өндірісіне қажетті мамандарды оқытады
14.09.2026, 17:17
Қазақстандағы тың реформаларды Брюссельде талқылады
14.09.2026, 17:15
Шыңжаңда птерозаврлар мұражайы ашылды
14.09.2026, 17:12
Швециядағы сайлауда солшылдар коалициясы алда келеді
14.09.2026, 17:10
Қарағандыда жылу желілерін жаңартып жатыр
14.09.2026, 17:07