Басты Жаңалықтар Астанада AI фильм фестивалі өтеді

Астанада AI фильм фестивалі өтеді

Жасанды интеллект көмегімен түсірілген қазақстандық фильмдер әлемдік кино нарығында бәсекеге қабілетті. Мамандардың пікірінше, бұл бағыт отандық киноиндустрияның жаңа мүмкіндіктерін ашып отыр. 1–3 қазан аралығында елордада алғаш рет Astana AI Film Festival өтеді. Байқауға әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам туынды келіп түскен. Қатысуға ниет білдірген авторлардың барлығы Astana Hub платформасында тіркеліп, Қазақстан нарығында жұмыс істеуге дайын екенін көрсеткен. Оларды әлемнің жетекші мамандарынан құралған қазылар алқасы таңдайды. Жүлде қоры – 2 миллион доллар. Мамандардың айтуынша, мұндай ауқымды шара Қазақстанның кино саласына жаңа серпін беріп қана қоймай, жасанды интеллект арқылы жасалған фильмдердің халықаралық нарыққа шығуына жол ашады.

Алмас Жали, Astana AI Film Festival құрылтайшысы:
Қазақстанның кез келген киносын алсақ, Голливудпен салыстырсақ, ол тең емес. Себебі біздің бюджет миллион, 1,5 млн доллар болады. Олардікі 50-60, «Одиссей» 250 млн доллар. Осы екі фильмді біз қалай салыстырамыз? АІ-дің бір жақсы жері токеннің бағасы барлығы үшін бірдей. Сиднестің токиндері Бразилияда да, Голливудта да, Қазақстанда да бірдей. Сондықтан қазіргі кезде біз жұмыстарды қарап жатырмыз. Өте тең Америка мен Қазақстандікі.


Бөлісу