Созақта уран өндірісіне қажетті мамандарды оқытады
Үкімет өндірісті өркендету үшін жұмысшы мамандықтарға басымдық беріп отыр. Осыған орай уран өнеркәсібіне қажетті кадр даярлауға университеттермен қатар енді колледжер де бет бұра бастады. Түркістан облысының Созақ ауылында биылдан бастап бұрғылаушы, зертханашы-оператор сияқты он мамандық бойынша студенттер білім алуда. Оларды дуальді оқыту бойынша уран өндіруші компаниялармен келісімшарт жасалып, тәжірибе алаңына қажетті жабдықтар мен қондырғылар орнату мәселесі шешілуде.
Азамат Нұрмаханов уран өндірісіне қажетті токарь мамандығы бойынша білім алады.
Екінші курс студенті бұрғылау жұмыстары кезінде металл және басқа да
материалдардан жасалатын бөлшектерді жоғары дәлдікпен жонып, станоктарында
түрлі тетіктерді кесу, бұрғылау, тегістеу сияқты жұмыстарды үйреніп жүр.
Азамат Нұрмаханов, студент:
Мысалы, бұрғылау дейді, құбырларға бұранда ашып, соны істейміз. Біз практикада уран өндіруші компанияларға барып, соған керекті темірлерді жонамыз. Ол жерге кіретін нәрсе құбырды жалғайды. Құбырды жалғау үшін токарь станогы керек болады.
Еліміздегі уран Созақ ауданында өндірілетіндіктен, жастардың атом энергетикасы мен уран өнеркәсібіне
қызығушылығы артып келеді. Колледж тарапынан жергілікті кәсіпорындармен
ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған. Соның аясында жастар қазір
бұрғылау қондырғысының машинисі, оператор сияқты мамандықтар бойынша білімін шыңдауда.
Азаматәлі Байқон, студент:
Шиеліде уран өндіретін компания бар. Сол жаққа барып тәжірибе алмасып келдік. Сол жақта қалай жұмыс істеп жатыр, тәжірибе жинап, өз көзімізбен көріп келдік. Бұйыртса, ендігі жылы 6 ай тәжірибеден өтеміз. Білмегенімізді тағы үйренеміз.
Сала мамандарының сөзінше, атом энергетикасы мен уран өнеркәсібі дамыған сайын
қызметкерлерге қойылатын кәсіби талап та артуда. Десе де бұл салада шешімін
таппай отырған мәселе көп. Студенттерді оқытатын арнайы жабдықтар жоқ.
Оқулықтар да жетіспейді. Материалдық
техникалық базаны замауи қондырғылармен толықтыру қажет.
Талғат Бейсен, колледж директоры:
Көпшілігі бізге құрал-жабдықтарын оқу полигонымызға әкеліп, орналастырып беруге уәде беріп отыр. Кабинет жасақтап беруді қолға алып жатыр. Және оқулықтармен жәрдем беріп жатыр. Оқу құралдары жетіспейді.
Уран өндіруші компанияларда тәжірибеден өткен үздік студенттерді сонда жұмыспен
қамту мәселесі де қарастырылып отыр. Жастарды сондай-ақ жатақханамен қамту
бағытында жаңа ғимарат салынып, 120 орындық нысанның құрылысы жүргізілуде.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пара оқ атудан Әлем чемпионатының жүлдегерлері оралды
14.09.2026, 17:33
Атырауда «Tour de Saraishyq – 2026» велошеруі өтті
14.09.2026, 17:30
Астанада AI фильм фестивалі өтеді
14.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
14.09.2026, 17:20
Қазақстандағы тың реформаларды Брюссельде талқылады
14.09.2026, 17:15
Шыңжаңда птерозаврлар мұражайы ашылды
14.09.2026, 17:12
Швециядағы сайлауда солшылдар коалициясы алда келеді
14.09.2026, 17:10
Қарағандыда жылу желілерін жаңартып жатыр
14.09.2026, 17:07