Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

Қазақстандықтар әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін жоғары бағалады

Қазақстандықтар әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғары бағалайды. Қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесі осыны көрсетті. Сауалнамаға ел бойынша 18 жастан асқан 2 400 респондент қатысқан. Қатысушылардың 78 пайызы мектептердің қолжетімділігіне оң баға берген. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандар балабақша, мәдениет және спорт нысандарының, сондай-ақ балаларды дамыту мүмкіндіктерінің жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Робот-иттер патрульге шықты
Робот-иттер патрульге шықты. Көмекшілер Шығыс Қазақстан облысында өткен «Nomad Álemi» фестивалінде азаматтардың қауіпсіздігін полиция қызметкерлерімен қатар қамтамасыз етті. Олар тәулік бойы бейнежазбаларды автоматты түрде талдап, адамдардың бет-әлпетін лезде тани алады. Робот жинаған барлық ақпаратты нақты уақыт режимінде Жедел басқару орталығына дереу жолдап отырады. 
Е.Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Отандасымыз US Open Үлкен Дулыға турниріндегі жеңісінен кейін 1760 ұпайға ие болды. Қазір оның еншісінде барлығы 9901 ұпай бар.  Осылайша, Елена әлемдегі аты аңызға айналған санаулы тенисшінің қатарына еніп, есімі тарихта қалды. 
А.Ерекешева Grand Prix турнирінде 4 медаль жеңіп алды
Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияда өтіп жатқан Grand Prix турнирінде 4 медаль жеңіп алды. Оның біреуі алтын болса, үшеуі күміс. Отандасымыз 4 жаттығу бойынша жүлдеге таласты. Шығыршықпен болған сайыста топ жарып, Украина, Өзбекстан елінің үздік спортшыларынан басым түсті. Доп, ұршық және таспамен орындалған жаттығу да қарсыластарынан шамамен1 ұпайға қалып қойды. 


Бөлісу