«Арай» тобының жігіттері «Әскердегі бір күн» акциясына қатысты
Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімінде «Әскердегі бір күн» акциясы өтті. Акцияға «Арай» тобының жігіттері қатысты.
Акцияның мақсатына сәйкес танымал топ әскери қызметкер ретінде бір күнін өткізді. Сондай-ақ, әншілер әскери қызметкердің әдеттегі күні қалай өтетінімен, қандай міндеттер атқаратынымен, әскери қызметтің қиыншылықтарымен, ең бастысы оның артықшылығымен танысты.
«Арай» тобының солистері әскери қызметкерлермен бірге жауынгерлік міндеттер атқарып, саптық даярлықтан өтті, өздеріне ең күрделі болған тапсырманы орындап – 100 метр қашықтыққа қарудан оқ атты.
Акцияның қорытындысы бойынша, әртістер дипломдармен марапатталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экологиялық әдеттер бала кезден басталады
04.03.2026, 20:56
«Қазгидромет»: 5 өңірде тасқын қаупі жоғары
04.03.2026, 20:24
Референдум: Ашықтық пен заңдылық – басты назарда
04.03.2026, 20:22
Алимент шет елде жүрген борышкерлерден де өндіріледі
04.03.2026, 20:21
Геосаяси жағдай Қазақстан-Иран саудасына әсер етуі мүмкін
04.03.2026, 20:16
Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдады
04.03.2026, 20:15
Сенат төрағасы БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісімен кездесті
04.03.2026, 20:14
Телекөпір арқылы жаңа Конституция жобасы талқыланды
04.03.2026, 20:13