«Сіз не дейсіз?» хабарында – Тоқтар Әубәкіров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіз не дейсіз?» хабарында – Тоқтар Әубәкіров

13.04.2015
«Сіз не дейсіз?» хабарында – Тоқтар Әубәкіров

1991 жылдың қазанында ғарыш кеңістігін бағындырып, Жерге абыроймен оралған батыр Тоқтар Әубәкіровтің  ерлігі ел тарихында алтын әріптермен жазылды. Ол – ел тарихында ғана емес,  еңбегімен әлемдік ғарыш саласына да өшпестей із қалдырған жандардың бірі.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер 1989 жылы авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын алғаш болып  қондырған ұшқыш.  Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізген.

Кеңес одағының батыры атағы ғарышкерге дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін берілген.

Отандық авиацияның жағдайы қалай? Қазақ елінде ғарыш әлемін бағындыра алатын азаматтар бар ма? Бүгін 23.45-те «Сіз не дейсіз?» хабарында Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қонақта.

Хабарламаларға жазылу