«Сіз не дейсіз?» хабарында – Сауытбек Әбдірахманов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіз не дейсіз?» хабарында – Сауытбек Әбдірахманов

20.11.2015
«Сіз не дейсіз?» хабарында – Сауытбек Әбдірахманов

Сауытбек Әбдірахманов – кино өнері туралы мақалалардың, шығарма портреттердің, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, Н.Жантөрин, т.б. танымал суреткерлермен сұхбаттардың және бірнеше деректі фильмнің авторы.

Ол Пушкиннің «Евгений Онегин» романының аударылуы туралы зерттеулер жазды. Сонымен қатар, «Отбасы өміріндегі әдеп пен психология» оқулығын, Д.Кабалевскийдің «Сырлы саз бен сұлу сезім» кітабын, «Бейбарыс сұлтан» атты романды, 40-қа жуық көркем фильмді қазақшалады.

Қаламгердің «Біздің Пушкин» (1999), «Тәуелсіздік шежіресі» (2001), «Адамзат күнтізбесі» (2002), «Елдік сыны» (2003), т.б. кітаптары шыққан.

Журналист, кино сыншысы бүгін 23:15-те «Сіз не дейсіз?» хабарында қонақта.

 

Хабарламаларға жазылу