«Сіз не дейсіз?» хабарында – Әкім Тарази - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіз не дейсіз?» хабарында – Әкім Тарази

24.10.2014
«Сіз не дейсіз?» хабарында – Әкім Тарази

Әкім Тарази әдебиетке өз соқпағын сала келген қаламгер. Небір терең ойлы, тағылымды әңгіме, хикаят, роман, пьесалар жазды. Ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын өз стилін, өз мінезін қалыптастырды.

«Біздің буын мықты болатын. Біздің көргеніміз көп. Біздің тағдырымыздың өзі бізге жол ашты»,-дейді өзі.

Ол  – ақиқатты ашық айтудан айнымаған, жалтақтауды, жалпақтауды білмейтін, шығармашылық өнерге аса жауапкершілікпен қарайтын дара суреткер.

«Қазағымның болашағын ойлап кететін кездерім көп. Байып кеткен азаматтардың ішінде қазақтардың аз болғаны жаныма батады»,-дейді жазушы.

Мерзімді баспасөзде жарияланған алғашқы әңгімелері арқылы-ақ оқырманның ықыласына бөленген қаламгерді бүгінде тағы не алаңдатады? Бүгін 23.30-да «Сіз не дейсіз?» хабарынан тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу