Гиннестің рекордтар кітабына енген ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров «Қазақстан» телеарнасында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гиннестің рекордтар кітабына енген ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров «Қазақстан» телеарнасында

02.05.2015
Гиннестің рекордтар кітабына енген ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров «Қазақстан» телеарнасында

1991 жылдың қазанында 45 жасында ғарыш кеңістігін бағындырып, Жерге абыроймен оралған, келесі жылы 70 жылдығын атап өтетін қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995) Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров бүгін «Қазақстан» телеарнасында «Сенбілік кездесу» бағдарламасының қадірменді қонағы болады.

Зауытта токарь болып жұмыс істеп жүріп, ғарышты бағындыруға бел байлаған қадамдар, 7 күн ашық ғарышта болған ұмытылмас сәттер. Тоқтар Әубәкіров есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген бірден бір қазақстандық. Сонымен қатар, картоптың жаңа сортына Тоқтар есімінің берілгені тағы бар.

Бағдарламада Т.Әубәкіровтің ең жақын араласатын достары Әкім Тарази, Марфуға Айтхожина, Ескендір және Дарико Хасанғалиевтер, немере-келіндері қаһарманның өмірінен біз біле бермейтін сырларымен бөліседі.

Тоқтар Әубәкіров атындағы көше Қазақстанның қай қаласында? Тоқтар Әубәкіров атындағы грант иегерлері қай университетте оқып жүр? Осы және басқа да сұрақтарға толық жауапты бүгін кешке сағат 21:00-де «Қазақстан» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу