«Сіз не дейсіз?» хабарында – Серік Ақшолақов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіз не дейсіз?» хабарында – Серік Ақшолақов

26.02.2016
«Сіз не дейсіз?» хабарында – Серік Ақшолақов

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақшолақов адам денсаулығына арашашы жандардың бірі.

Әйгілі ғұлама Ибн Синаның: «Дәрігердің көзі – сұңқардың көзіндей қырағы, қолы – қыздың қолындай биязы, жүрегі – арыстанның жүрегіндей айбатты болу керек» деген сөзін Серік Қуандықұлы хирургтердің, соның ішінде нейрохирургтердің жұмысына берілген анықтама деп түсінеді.

Адам ағзасының ең күрделі мүшесі миға операция жасау инемен құдық қазғандай ауыр екенін жадынан еш шығарған емес.

Ғалым бүгін 23:30-да «Сіз не дейсіз?» хабарында  елдегі медицина жайына тоқталмақ. Толығырақ мына жерде.

Хабарламаларға жазылу