Домбыра үйренудің оңай әдіс-тәсілдері қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Домбыра үйренудің оңай әдіс-тәсілдері қандай?

13.04.2015
Домбыра үйренудің оңай әдіс-тәсілдері қандай?

Айтар ойын күймен жеткізген ерекшелік қазақта ғана бар. Содан болса керек, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!», деп ұрандата айтамыз. Домбыраны меңгеру арқылы адамның ой-өрісі кеңейеді, ойлау қабілеті артады, мәдени танымы да жоғарылайды.

Күйші Жұмабек Қадырқұлов: «Күйшілік өнер – тарихтың дыбысталған парақшасы іспетті. Қазақтың күйшілік өнерінің түрлі мектептері қалыптасқан. Мысалы, Батыстың күйшілік мектебі, Сыр бойының, Маңғыстау өңірінің, Арқа, Қаратау, Жетісу, Алтай-Тарбағатай деген шертпе күйлерден құралған мектеп  бар»,-дейді.

Оқушы кезінен домбыраға қызығушылығы артқан Нұрболдың осы қасиетін байқаған анасы үйірмеге әкеліп, бағын сынатып көрген.

«Алғашқы сабақтарынан-ақ домбыра үйірмесі ұнады. Кейін түрлі байқауларға қатыса бастадым. Осыдан соң домбыраға деген құштарлық артты. Қазір де конкурстардан қалмаймын»,-дейді Нұрбол Садықов.

Домбырада ойнап үйрену үшін алдымен, есту қабілеті мен икемі тексеріледі. Бірнеше жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан Жұмабек ұстаздың айтуынша, бұл қасиет әр қазақтың бойынан табылады.

Домбыра үйренудің оңай әдіс-тәсілдері қандай? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу