Басты Жаңалықтар Ресейдегі кей мектептерде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытылмақ

Ресейдегі кей мектептерде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытылмақ

Ресейдің Омбы облысындағы кейбір мектептерде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытылмақ. Өйткені іргелес елде ана тіліне деген қығушылық артқан. Жергілікті қазақтар ұлттық құндылықтарды ерекше қастерлеп, салт-дәстүрді жаңғыртуда. Толығырақ Ресейдегі меншікті тілшіміз баяндасын.

Омбы облысында 70 мыңға жуық қандасымыз тұрады. Бұған дейін орта білім беретін 11 мектепте қазақ тілі тек факультатив ретінде өтетін. Енді жеке пән ретінде оқытылатын болды. Арнайы оқулықты «Қазақ мұғалімдері жасап шығарған. Мамандар оның сапасы жоғары», - деп отыр.  Алдағы уақытта басқада өңірге тарату жоспарлануда.
Баткен Сәрсенова, мұғалім:
Пән ретінде кіргізу үшін, бізге оқулықтар керек болды. Сондықтан республика Алтайдың мұғалімдері жасап, ол Ресей Федерациясының оқулық тізіміне кіргізулі. Қазіргі күні ата-аналардың тілге деген қызығушылықтары өте көп. Сондықтан өздері де, балаларын да қазақ тілін үйретуге тырысады.
Жалпы Омбы облысында қазақ тілін дамытуға баса мән берілген. Ресейде ресми тіркелген жалғыз қазақ газеті де осында шығады. 2014 жылы «Атамекен» атауымен жарық көрген басылым түрлі қиындыққа тап болып, жабылып қалған. Ал кейін студенттердің арқасында басылымға жан бітіп, қазір «Омбы қазақтары» деп аталады.
Торғын Ашенова, «Омбы қазақтары» газетінің бас редакторы:
Содан кейін әкімшілікке барып, грант ұтып алдық. Кейін газетіміз ай сайын шыға бастады. Шыққанан кейін біз подписка арқылы аудандарға шықтық. Бүгінгі күнді алсақ, 21 ауданда біздің газетіміз шығады, 21 ауданда біздің оқырмандарымыз бар.
Газеттің шығуына барлығы 11 адам ат салысады. Олардың әрқайсысы тегін жұмыс істеп жатыр, яғни жалақы алмайды. Өйткені басты мақсат – ана тілінің ұмытылуына жол бермеу дейді.
Асқар Умматұлы, Омбы тұрғыны:
Өзіміз жиналып, қалтамыздан қаржы шығарамыз. Болмаса материал іздегенде, баратын жерге бару керек болса, өз көлігімізбен, өз күшімізбен барып, сұхбат беретін адамдар болса, өзіміз алып келеміз барып.
Газет осыған дейін айына 2000 тиражбен шыққан. Қазір редакция ұжымы бұл көрсеткішті еселеуді мақсат етіп отыр. Болашақта қазақ басылымын Ресейдің барлық өңірінде шығару жоспарда бар.


Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы