Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Қазақстанға бейбітшілік пен тұрақтылық қажет. Онсыз біз ешқашан табысты ел бола алмаймыз. Қазір даму жолында елеулі жетістіктерге жетіп келеміз, мұны көрсеткіштер де айқын дәлелдейді. Сондықтан Президент ретінде елімдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанға жақын өңірдегі соғысты тоқтатып, бейбітшілікке қол жеткізуге шамам келгенше үлес қосуға бар күшімді саламын», – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05
Елде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет орталығы құрылды
29.09.2026, 20:04