Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді
Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде сегіз сатыға көтеріліп, 139 мемлекеттің ішінде 73-орынға тұрақтады. Осылайша биыл Орталық Азия бойынша көш бастап тұр. Тізімді Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы жариялады. Бағалау 7 бағыт бойынша жүргізілген. Әсіресе білім мен технология саласында айтарлықтай өсім бар. Өндіріс пен экспорттың күрделілігі, өнеркәсіптік үлгілер және еңбек өнімділігінің өсімі сияқты көрсеткіштер бойынша да оң өзгерістер байқалды. Пайдалы модельдер мен мемлекеттік онлайн-қызметтер, ұлттық толықметражды фильмдер, QS жетекші университеттер рейтингі бойынша да көш ілгерлеген. Сондықтан жалпы нәтиже соңғы он жылдағы ең үздік көрсеткішке жетіп отыр. Айта кетейік, Жаһандық инновациялар индексі елдердің ғылыми әлеуетін, технологиялық даму деңгейін және инновациялық қызмет нәтижесін бағалайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы