Аңызға айналған Брест қамалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аңызға айналған Брест қамалы

08.04.2015
Аңызға айналған Брест қамалы

Брест қорғанысы – аңызға айналған, теңдесі жоқ ерлік пен асқан батылдықтың үлгісі. Күші әлдеқайда басым жау қамалды жеңіл басып ала алмады. Фашистерге қорғауда тұрған  шағын ғана гарнизонға қарсы ұрыс жүргізу басқа бір елдердегі тұтас әскерге қарсы шыққандай сезілді. 

Кеңес халқының герман фашизміне қарсы күрестегі  Жеңісіне жеткізген жол – соғыстың алғашқы күндерінен Брест қамалынан басталды. Соғыс басталған шақта қамалда 7-атқыштар және 1-барлаушылар батальоны, 2-артиллерия дивизионы болды.

Брест қорғанысына 3 мыңнан аса қазақстан­дық­ қатысқан. Олардың жартысынан астамы қазақтар еді. Қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Сааремаа аралы, Мурманск, Одесса және Севастополь қалалары үшін шайқасты.

Брест қамалы несімен ерекшеленеді? Қамалға батыр атағы не үшін берілді? Бүгін 22.45-те «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу