Басты Жаңалықтар Шетелде жүргендерден де алимент өндіріледі

Шетелде жүргендерден де алимент өндіріледі

ТМД елдерінде жүрген қазақстандықтардан алимент өндіру жұмысы жеңілдейді. Бүгін Сенат депутаттары аталған құжатты мақұлдады. Ратификацияланған конвенция аясында, еліміздің сот шешімі өзге елдерде тікелей іске асады. Яғни қағазбастылық азайып, жұмыс жүргізу жеңілдейді. Бүгінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Әзербайжан, Беларусь елдерінде жүргендердің алимент қарызы 47 млн теңгеден асады. Бұл шамамен 106 іс. Енді борышкерден алимент, қай елде жүргеніне қарамастан, бірден өндіріледі. Құжат кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғауды көздейді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қаралған хаттамалар Минск және Кишинов конвенцияларға қосылған елдерде балаларға алимент өндіріп алу тетіктерін жетілдіруді көздейді. Осы мақсатпен сот бұйрықтарын тану бөлігінде қажетті түзетулер енгізіліп отыр. Бұл түзетулер балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тиімділігін арттырады деп сенеміз.

Қазір Қазақстанның 17 елмен келісімі бар. Беларусь, Молдова, Грузия, Корея, Литва, Моңғолия, Пәкістан, Қытай, Вьетнам, Түрікменстан, Түркия,Үндістан, Біріккен Араб әмірліктері, Иран. Яғни осы елдерде жүрген қазақстандық борышкерлерден алимент мәжбүрлі түрде өндіріледі.


Бөлісу