Ақтөбе қаласында 1941 жылдың қарашасында 101-бригада жасақтала бастайды. Оған негізінен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жас жігіттері алынған. Бір жылға жуық даярлықтан кейін бригада эшелонға тиеліп, майданға жөнелтіледі.
Аталмыш бригада 1942 жылы 20 қарашада Калинин майданының 39-армия құрамында, Ржев бағытында ұрысқа кіреді. Мәскеуді қорғау мен Сталинград майданындағы немістердің күшін әлсірету бағытында ойластырған «Марс» операциясына қатысады.
Бригада өзінің алдына қойылған әскери міндетті толығымен орындап, өзінен күші, саны әлдеқайда басым жаумен ауыр ұрыста зор шығынға ұшырайды. Соған байланысты 101-бригада жөніндегі барлық ақпараттар 2007 жылға дейін құпия ұсталған. Тіпті, ұрыста қаза болған жауынгерлердің саны, аты-жөні туралы да ешбір дерек болмаған.
101-бригада құрамында болып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің ерлігі туралы бүгін 22.45-те «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан біле аласыздар.