Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
Қазақстанның халықаралық резервтері тамыз айында 7 миллиард 250 миллион долларға өсіп, 70 миллиард 570 миллион долларға жетті.
Бұған алтын бағасының қымбаттауы сеп болған. Ұлттық банктің мәліметінше, тамызда алтын активтерінің құны бір айда шамамен 48 миллиард 170 миллион доллардан, 55 миллиард 800 миллион долларға дейін жеткен. Қазір халықаралық резервтердің шамамен 80 пайызы алтынға тиесілі. Сондықтан бағаның өзгеруі Қазақстан резервтерінің көлеміне тікелей әсер етеді. Ұлттық қордың активтері тамызда 2 миллиард 120 миллион долларға артып, 68 миллиард 240 миллион долларға жетті. Осылайша халықаралық резервтер мен Ұлттық қордың валюталық активтерін қосқанда Қазақстанның сыртқы қаржылық активтері шамамен 139 миллиард доллар болды. Мамандардың айтуынша, мұндай резервтер елге сыртқы экономикалық қиындықтар кезінде қаржылық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Алайда осы құнды металдың бағасы төмендесе, резервтердің доллармен есептелген көлемі де азаюы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы