Илья Ильин – Әлемнің ең үздік ауыр атлеті атанды

13.03.2015
Илья Ильин – Әлемнің ең үздік ауыр атлеті атанды

Ерлер арасында 2014 жылдың ең үздік атлеті деп Әлемнің төрт дүркін, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы отандасымыз Илья Ильин танылды. Илья 2014 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында 105 келі салмақта бақ сынап, төртінші рет  Әлем чемпионы атанған болатын. Ол қоссайыста 432 келіні бағындырып, жаңа Әлем рекордын орнатқан еді.

Ал, әйелдер арасында ресейлік зілтемірші Татьяна Каширина үздік саналды. Татьяна да 2014 жылғы Әлем чемпионатының алтын жүлдегері. Әйелдер арасында ең ауыр салмақта сынға түскен ресейлік зілтемірші Алматы төрінде бес бірдей рекорд орнатқан.

Хабарламаларға жазылу