Илья Ильин – «Жас тұлпар» сыйлығының лауреаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин – «Жас тұлпар» сыйлығының лауреаты

10.12.2014
Илья Ильин – «Жас тұлпар» сыйлығының лауреаты

«Спорт саласындағы жетістіктері үшін» аталымында ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин марапатталды. Сыйлықты даңқты палуан Дәулет Тұрлыханов табыстады.

Еске сала кетейік, өткен жылы бұл аталым бойынша шахматшы Жансая Әбдімәлік үздік деп танылған еді. Ол 12 жасында гроссмейстер атағын иеленді.

Шара жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылады.

Фото: «Нұр Отан»

 

Хабарламаларға жазылу