Илья Ильин «2014 жылдың үздік ауыр атлеті» атанды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин «2014 жылдың үздік ауыр атлеті» атанды (ВИДЕО)

24.04.2015
Илья Ильин «2014 жылдың үздік ауыр атлеті» атанды (ВИДЕО)

Бұл беделді атаққа қазақстандық зілтемірші, екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин мен ресейлік спортшы қыз, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Татьяна Каширина ие болды.

Әйелдер арасындағы екінші орын тағы бір жерлесіміз Зульфия Чиншанлоға бұйырған. Ғаламтор жүйесі арқылы дауыс беру шарасына әлемнің 46 мемлектінен 2000 нан астам қатысқан.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аян және басқа да еліміздің танымал азаматтары қатысты. 

Йено Боскович атындағы Кубокты жерлесімізге Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аян табыстап, спортшыға үш дүркін Олимпиада чемпионы атануды тілеп, оның рекорды әлемдік спорт тарихында қалатынын айтты.

 

Рустам БАЙДАУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу