Спорт әлеміндегі үздік жаңалықтар – «Sport.kz»-те - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт әлеміндегі үздік жаңалықтар – «Sport.kz»-те

28.04.2015
Спорт әлеміндегі үздік жаңалықтар – «Sport.kz»-те

Осы апта спорт әлемінде болған айтулы жаңалықтардың бірі – қазақстандық зілтемірші, екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильиннің «2014 жылдың үздік ауыр атлеті» атағын алуы. Жеңімпаз халықаралық Ауыр атлетика федерациясының ресми «World weightlifting» журналы жүргізген сауалнама арқылы анықталған.

Бұл беделді атақ бойынша екінші орынды әйелдер арасында тағы бір жерлесіміз Зульфия Чиншанло жеңіп алды. Дауыс беру шарасына ғаламтор желісі арқылы әлемнің 46 мемлекетінен 2000-нан астам адам қатысқан.

Сонымен қатар, Ташкентте каратэ-до спортынан клубтар арасында Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық сайыста Қазақстан намысын үш бірдей команда қорғамақ. Клубтық Азия чемпионаты осымен екінші рет ұйымдастырылуда.

Павлодар хоккей клубының қанжығасында ел чемпионатының барлық жүлделері бар. Клуб 2013 жылдан бері бас жүлдені ешкімге бермей келеді.

Осы және өзге де спорт жаңалықтары туралы толығырақ бүгін 12:55-те  «Sport.kz» хабарынан көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу