Жеңісімді халқыма арнаймын – Илья Ильин (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңісімді халқыма арнаймын – Илья Ильин (ВИДЕО)

15.11.2014
Жеңісімді халқыма арнаймын – Илья Ильин (ВИДЕО)

Қазақстандық зілтеміршіні жеңіске жетуімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоңырау шалып, құттықтады.  

Өзінің тарихи жеңісінен кейін, Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин «KAZsport» телеарнасына берген сұхбатында: «Ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымды білдіремін.

Президенттің маған сенімі мен қолдауын ешқашан ұмытпаймын. Елбасы: «Осы жігіт жеңіске жетеді!» - деп айтатын. Сондықтан мен жеңісімді Президент пен Қазақстан халқына арнаймын. Президенттің «Нұрлы жол» бағдарламасы – жеңіске апарар жол!

Мен 242 келіге тапсырыс беріп, залда отырған жанкүйерлерге қарадым. Қазақстаным үшін тәуекелге бардым. Шықтым да жеңіске жеттім!»

Айта кетейік, қоссайыс бойынша қазақстандық зілтемірші екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин серпе көтеруде әлемдік рекорд орнатып, төрт дүркін Әлем чемпионы атанды.

Ауыр атлетика. Әлем чемпионы. Алматы. Ерлер. 105 келі. «А» тобы:

1. Илья Ильин (Қазақстан) — 432 (190+242) келі
2. Руслан Нурудинов (Өзбекстан) — 432 (193+239) келі
3. Давид Беджанян (Ресей) — 427 (187+240) келі.

Фото: almaty2014iwf.com

Хабарламаларға жазылу