Илья Ильин әлемнің үздік ауыр атлетшісі атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин әлемнің үздік ауыр атлетшісі атанды

25.02.2016
Илья Ильин әлемнің үздік ауыр атлетшісі атанды

Қазақстандық Илья Ильин 2015 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі үздік ауыр атлетші деп танылды. 

Дауыс беруді ұйымның ресми сайты ұйымдастырған. Нәтижесінде 2 дүркін Олимпиада, 4 дүркін Әлем чемпионы жерлесіміз Илья Ильин Әлемнің үздік ауыр атлеті деп танылды. Ал, әйелдер арасында Қытайдың Тайбэй атынан шығатын Сюй Шу-Чин көш бастады. Қос спортшы да 2000-нан астам дауыс жинаған.

Айта кетейік, IWF жанкүйерлер арасындағы сауалнамада 2015 жылы Илья Ильиннің Грозный қаласында өткен Ресей Президентінің кубогында жеңіске жеткені және екі бірдей әлемдік рекордын жаңартуы оның дауыс беруде жеңіске жетуі мол септігін тигізгендігін алға тартты.

Сондай-ақ, Илья Ильин бұл сыйлықты 2005, 2006 және 2014 жылдары иеленген.

Хабарламаларға жазылу