«Астана арландары» «Caciques Venezuela» бокс клубына қарсы жұдырықтасатын спортшылар тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» «Caciques Venezuela» бокс клубына қарсы жұдырықтасатын спортшылар тізімін жариялады

05.03.2015
«Астана арландары» «Caciques Venezuela» бокс клубына қарсы жұдырықтасатын спортшылар тізімін жариялады

Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» венесуэлалық «Caciques Venezuela» клубына қарсы жұдырықтасатын боксшылар тізімін жариялады.

52 кг: Олжас Сәттібаев
60 кг: Зәкір Сафиуллин
69 кг: Асланбек Шымбергенов
81 кг: Хрвое Сеп
+91 кг: Филипп Хргович

Жетінші турдан кейін «Астана арландары» 21 ұпаймен «В» тобының көшін бастап тұр. Ал, «Caciques Venezuela» бокс клубы 10 ұпаймен алтыншы орында келеді.

Өткен турда «арландар» италиялық «Italia Thunder» клубын 3:2 есебімен ұтқан болса, дәл осындай есеппен венесуэлалық команда польшалық «Hussars Poland» клубын жеңген.

«Астана арландары» мен «Caciques Venezuela» клубы арасындағы жекпе-жек 7 наурыз күні Венесуэлада өтеді.

«Астана арландары» қазіргі уақытта Венесуэла астанасы Каракаста жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

Хабарламаларға жазылу