«Астана арландары» құрамында - Елеусінов, Ниязымбетов және Әбдірахманов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» құрамында - Елеусінов, Ниязымбетов және Әбдірахманов

17.02.2014
«Астана арландары» құрамында - Елеусінов, Ниязымбетов және Әбдірахманов
Дүниежүзілік бокс сериясы аясында 1 наурызда «Астана арландары» Польшаның «Poland Hussars» командасымен кездеседі. Бұл кездесуде Ұлттық құраманың боксшылары Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов және Берік Әбдірахманов алғашқы жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды vesti.kz
 
2013 жылғы Әлем чемпионы Данияр Елеусінов 69 келіде шаршы алаңға шығады. 60 келіде Берік Әбдірахманов, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов жұдырықтасады. Ал 52 мен 91 келі салмақтағы боксшылар кейін белгілі болады. Бұл жекпе-жекке шығатын польшалық боксшылардың да есімдері белгісіз.
 
Айта кетейік, бұған дейін «Астана арландары» сапында Ұлттық құраманың мүшесі Ілияс Сүлейменов алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын Ол әзірбайжандық «Baku Fires» командасының боксшысы Эльвин Мамишзадеге есе жіберді.
 
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Poland Hussars» жекпе-жегі 1 наурызда Алматыда өтеді. Бірінші кездесуде қазақстандық боксшылар 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Бұл топтық кезеңдегі соңғы кездесу болмақ.
 
«Астана арландары» алдымен Куба боксшыларымен жұдырықтасады. Сергей Корчинский шәкірттері «Cuba Domadores» командасынан екі ұпай қалып келеді. Бұл жекпе-жек 23 ақпан күні өтеді. «KAZsport» телеарнасы тікелей көрсетілім жүргізеді.

Хабарламаларға жазылу