Ілияс Сүлейменов жекпе-жекті жеңіспен бастады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ілияс Сүлейменов жекпе-жекті жеңіспен бастады (ВИДЕО)

01.03.2014
Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымындағы топтық кезеңінің соңғы кездесуінде «Астана арландары» польшалық «Hussars Poland» командасын қабылдауда.
 
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шаршы алаңға алдымен жеңіл салмақтағы боксшылар шықты. 52 келіде ел намысын Ілияс Сүлейменов қорғады. Ол Дүниежүзілік бокс сериясындағы алғашқы жекпе-жегінде әзірбайжандық Элвин Мамишадзеге есе жіберіп алған еді.
 
Бұл жолы Ілиястың қарсыласы Гжегорж Козловский болды. Поляк боксшысы бұл маусымда WSB аясында өткізген екі кездесуде жеңіліп қалды. Ол өткен маусымда да жеңіске жете алмаған.
 

Ал бүгінгі жекпе-жекте Сүлейменовтың соққыларына төтеп бере алмаған Гжегорж Козловский кезекті жеңілісіне ұшырады. Ұлттық құрама мүшесі Ілияс Сүлейменов жеңісінен кейін «Астана арландары» кездесуде 1:0 есебімен алға шықты.

Айта кетейік, Алматыда өтіп жатқан бокс кешін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Сонымен қатар, www.kazsporttv.kz сайты арқылы онлайн-трансляция жүргізілуде. 

 

 

Хабарламаларға жазылу