Астанадағы ғимарат иелеріне шатырдағы мұзды жою керектігі ескертілді – Жасұлан Байжанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы ғимарат иелеріне шатырдағы мұзды жою керектігі ескертілді – Жасұлан Байжанов

12.03.2015
Астанадағы ғимарат иелеріне шатырдағы мұзды жою керектігі ескертілді – Жасұлан Байжанов

Өткен тәулік ішінде ғана Астана қаласы аумағынан 15 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл әдеттегі нормадан әлдеқайда жоғары. Соңғы тәулік ішінде қар тазалау жұмыстарына 509 техника, «Астана-Тазалық» ЖШС тарапынан 217 жұмысшы тартылды және жергілікті аудан әкімдіктері жанынан құрылған арнайы бригадалар жұмыс істеуде.

«Ішкі аулалардағы қарды тазалаумен ПИК және аудандық әкімдіктер айналысады. Біздің мекеме көшедегі қарды тазалауға жауап береді. Бүгінгі күннің басты мәселесі - су тасқынына қарсы іс-шаралар қабылдау. Осы мақсатта арнайы техника бөлінді», - деді «Астана-Тазалық» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Алтын Нұрмужина.

«Өз үйлерін су тасқынынан қорғау үшін жауған қарды дер кезінде аула аумағынан шығарып, үйлердің шатырларындағы мұзды алу қажет. Бұл жайлы барлық мекемелерге ескерту жасадық», - деді Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкері Жасұлан Байжанов.

Хабарламаларға жазылу