Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
Елімізде суару маусымы аяқталуға жақын. Биыл ел бойынша вегетация кезеңінде шаруаларға шамамен 11 миллиард текше метр су беріліп, 1,16 миллион гектар жер суарылған. Жоспар дерлік толық орындалған. Қазір тек су ішпеген 40 мыңдай алқап қалған. Бұл туралы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған Су ресурстары және ирригация министрі мәлімдеді. Ал жергілікті дихандар осы жылы суды тұрақты әрі уақытылы алғанын айтып, алғыс білдірді. Шаруалармен кездесуден кейін Нұржан Нұржігітов «Достық» мемлекетаралық каналына барып, нысанның жұмысымен және әкімшілік әрі қызметтік ғимараттарда жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
Енді осы каналдың жұмысын, тиімділігін көтеруіміз керек. Жаңағы үш каналға насос қойдық. Мысалы, судың деңгейі төмен түсіп кетсе, сол насостармен шаруа қожалықтарға суды жеткізіп беру... Былай айтқанда, ауа райы вегетация кезеңінде тірлік тоқтамайды ғой. Шаруашылықтарға су беру керек. Сондықтан осы бағытта жұмыс істейміз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік ғалымдар зиянды сәулелерді өлшейтін құрылғы құрастырды
28.10.2026, 13:15
500 мыңнан аса такси жүргізушілері жаңа салық режиміне көшкен
28.10.2026, 13:13
«ҚазАвтоЖол» банктерден 700 млн долларға дейін кредит алмақ
28.10.2026, 13:12
Мемлекет басшысы жол сапасына жауаптыларды сынады
28.10.2026, 13:10
Президент: Мемлекеттік көмек мұқтаж адамдарға ғана берілуі тиіс
28.10.2026, 13:07
Президент шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауды ұсынды
28.10.2026, 13:05
Энергетика саласы: Сұраныс пен ұсыныстың арасы алшақ
28.10.2026, 13:03
Президент келесі жылды «Құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды
28.10.2026, 13:02