Италиялық опера әншісі, «лирикалық сопраноның ханшайымы» атанған Нино Лежава Астанаға келді. Әнші мұнда келудегі басты мақсат – жас таланттарға шеберлік сыныбын өткізу, дейді.
«Астанада 1 наурыз күні «Жапон көктемі» атты IV өнер фестивалі шымылдығын ашты. Әлемнің күміс көмей, жезтаңдай әншілері бас қосып, керемет кеш өтті. Мен сол фестивальге шақырту алғаныма өте қуаныштымын».
«Кеше Өнер академиясында біраз жас әншіні тыңдадым. Таң қалғаным, қазақ опера әншілерінің дауысында ерекше бір үн бар. Тағы бір айта кетерлік дүние, қазақтың дәстүрлі ән мектебі – операның нағыз асқар шыңы. Кәсіби шеберліктері төмен болса да, арқасын кеңге жайып, ән айтқанда, таңдай қағасың»,-дейді таңданысын жасыра алмаған өнерпаз.
Грузияда дүниеге келген әнші бүгінде Италияда тұрады. «Италия – лирикалық операның ордасы. Алайда, «музыка – тіл таңдамайды», деген қағида бар»,-дейді ол.
Сұхбатты толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.