«Сырғалым» телехикаясының 2 маусымында ең қымбат декорациялар пайдаланылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сырғалым» телехикаясының 2 маусымында ең қымбат декорациялар пайдаланылған

03.03.2015
«Сырғалым» телехикаясының  2 маусымында ең қымбат декорациялар пайдаланылған

 

Бүгіннен бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан  көрерменнің көзайымына айналған «Сырғалым» телехикаясының жалғасы көрсетіледі.  

Телехикаяның 2 маусымында Сырғалым еңбек жолын бастап, отбасын сақтап қалуға бар күш-жігерін салады.

«Телехикаяың басты міндетінің бірі - қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту. Түсіру алаңында лексиканың дұрыс қолданылуын жіті қадағалап,  тексеретін екі редактор жұмыс істеді. Көптеген тіл мамандары, қоғам қайраткерлері телехикаядағы қазақ тілінің бай қорының қолданылуы жоғары деңгейде екенін атап өткені біз үшін үлкен мақтаныш»,-  дейді телехикаяның қоюшы-режиссері, сценарий авторы Рашид Сүлейменов.

Телехикаяның екінші маусымында  жаңа кейіпкерлер  қосылған. Олар – танымал актриса Лидия Кәденова мен Сәкен Рақышев.  

Сондай-ақ, түсірілім жұмысында  ең қымбат декорациялар пайдаланылған.

Айта кетейік, 2014 жылдың басында көрсетілген «Сырғалым» телехикаясының 1 маусымы күн сайын миллионға жуық көрермен аудиториясын жинады.  Телехикая 2014 жылы «Үздік телехикая» аталымын иеленсе, бас рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Маханова «Үздік актриса» атанды.

«Сырғалым» телехикаясының екінші маусымы дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 21.50-де эфирге шығады.

Хабарламаларға жазылу