Бүгін Қазақстанның футбол маусымы ашылды. Елордалық «Астана» алматылық «Қайрат» клубымен ел Суперкубогын сарапқа салды.
Көрермендер көп жиналған ойын тартысты өтті. Екі команда негізгі 90 минутта бір-бірін жеңе алмады. Осыдан кейін ойналған қосымша екі таймда да гол соғылмай, 0:0 есебі сақталды.
Осылайша 2015 жылғы Суперкубок иегері пенальти сериясымен анықталды. Пенальти сериясының нәтижесі бойынша «Астана» клубы «Қайраттан» 3:2 есебімен басым түсті. Алаң қожайындары сапынан 11 метрлік жерден допты Марин Аничич, Рохер Каньяс және Абзал Бейсебеков соқты. Ал, «Қайрат» клубынан Сито Риера мен Тимур Родосельский мүлт кетпеді.
Жеңімпаздарды матчты тамашалауға келген Елбасы марапаттады. Ол «Астана» футбол клубына Суперкубокты өз қолымен табыстады.
Матчтың басты төрешісі - Йонас Эрикссон. Көмекшілер – Дэниел Уорнмарк мен Дэниел Густавссон (барлығы Швециялықтар)
2015 жылғы Қазақстан Суперкубогы. «Астана-Арена». «Астана» - «Қайрат». 0:0 (пенальти – 3:2)
«Кайрат» құрамы:
Плотников, Куантаев, Рудосельский, Маркович, Плиев, Гурман, Бакаев, Исаэль, Риера, Исламхан, Гоу.
«Астана» құрамы:
Эрич, Максимович, Постников, Родионов, Кетевоама, Аничич, Каньяс, Шомко, Твумаси, Бейсебеков, Джолчиев