Журналистика факультеті II республикалық қысқы мектебін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистика факультеті II республикалық қысқы мектебін өткізді

27.02.2015
Журналистика факультеті II республикалық қысқы мектебін өткізді

«Мектеп оқушыларына білім беру мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары». Осындай атаумен 23 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі ҚР мектеп мұғалімдеріне арналған II республикалық қысқы мектебін өткізді.

Шараның негізгі мақсаты – педагогикалық және тәжірибелік мәселелерді айқындау, олардың рөлін инновациялық білім беру үдерісінде көрсету. 

Семинар-тренинг қатысушылары ойларын ортаға салып, жаңалықтарымен бөлісті. Ұстаздарға «КазИнтерСервис» компаниясының жетекші маманы Динара Әкежанова, республикалық ғылыми-көпшілік «Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаева, республикалық танымдық-ақпараттық «Мектеп мерейі» журналының бас редакторы Заря Жұманова,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ұлмекен Төлешова дәріс берді.

Семинар барысында бағдарлама бойынша дәрістер оқылып, психологиялық-тренингтер ұйымдастырылды.

Айжан ТОҚШЫЛЫҚОВА 

Хабарламаларға жазылу