Журналистика факультетінің деканы ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистика факультетінің деканы ауысты

19.08.2014
Журналистика факультетінің деканы ауысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультенің деканы болып филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сағатбек Медеубекұлы тағайындалды.

Осыған дейін Сағатбек Медеубекұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті баспа ісі және дизайн кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

Біздің анықтама:

Сағатбек Медеубекұлы 1958 жылы 5 қыркүйекте Алматы  облысы, Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген.

1979-1984 жылдары С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті, журналистика факультетінде окыған.

Еңбек жолы

1984-1986 жылдары «Өнер» баспасында редактор;

1986-1989 жылдары ҚР ҰҒА Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспиранты;

1989-1991 жылдары «Өнер» баспасында редактор;

1991-1995 жылдары ҚР ҰҒА Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.

1993 жылы «Ауыз әдебиетінің терме жанры» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған;

1992-1993 жылдары «Жетісу» газетінде бөлім редакторы;

1993-1997 жылдары республикалық «Ана тілі» газетінде бөлім редакторы;

1997 жылдан журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент;

1999-2001 жылдары университеттің республикаға тарайтын «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы;

2001-2003 жылдары факультеттің магистратура жетекшісі;

2003- 2006 жылдары деканның ғылым жөніндегі орынбасары;

2006 жылдан Мұхамеджан Сералин атындағы әдеби шығармашылық бірлестіктің жетекшісі;

2008 жылдан бастап баспа ісі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2014 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультеті деканы.

Хабарламаларға жазылу