«Поэзия әлемінде» - Назгүл Бердіқожа - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Поэзия әлемінде» - Назгүл Бердіқожа

30.05.2015
«Поэзия әлемінде» - Назгүл Бердіқожа

Назгүл Бердіқожақызы – 1984 жылы Қызылорда облысы,  Арал ауданы, Шижаға елді мекенінде дүниеге келген. N64 орта мектепті бітіріп,  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне мамандығына оқуға түседі.

2005 -2010 жылдың қыркүйегіне дейін ҚорқытАта атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «қазақ әдебиеті және журналистика» кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарып, 2010-2011 жылдары осы университеттің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген.  Сонымен қатар, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында «Өмір-өлең» бағдарламасының жүргізушісі, әрі редакторы болды.

2008 жылғы халықаралық «Шабыт» фестивалінің II орын жүлдегері. Республикалық Т.Ізтілеуовке арналған жыр мүшәйрасының бас жүлдегері.  Республикалық «Астана жүрек» жыр мүшәйрасының лауреаты.

Республикалық «Дарияның жағасында бір қала бар» атты жыр мүшәйрасының I орын иегері. Республикалық Шардара қаласындағы су қоймасына 50 жыл толуына орай  өткізілген жыр мүшәйрасының жеңімпазы.

Республикалық Ә.Тәжібаевқа арналған жыр мүшәйрасының II орын, республикалық О.Бөкей көркемсөз оқу шебері байқауының I орын, республикалық Ж.Нәжімеденов «Тыңда дала!» көркемсөз оқу байқауының II орын иегері.

Сондай-ақ, ақын Алматы  қаласында өткізілген «Бір өлең – бір әлем» жыр мүшәйрасының II  орын, республикалық Арал күндері қарсаңында өткізілген жыр мүшәйрасының бас  жүлдегері. «Өлең мен сені аялап өтемін» атты Ф.Оңғарсынованың 70  жылдық жыр мүшәйрасының бас жүлдесін және республикалық Қарасаз қаласында өткен М.Мақатаевқа арналған жыр  мүшәйрасының бас жүлдесін иеленген.

Облыстық «Сыр үміті» сыйлығының иегері. 2010 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Жас өнерлілерді тауып,  халыққа көрсету мақсатында «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігін құрды.

Хабарламаларға жазылу