Алатау бөктерінде ІІ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті

10.02.2015
Алатау бөктерінде ІІ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті

6-8 ақпан аралығында Алатау бөктері Белбұлақ шатқалында «Тау-Тұран» білім беру кешенінде ІІ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті.

Медиа мектепке 150-ден астам журналистикаға маманданып жүрген студенттер, Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын «Дарын»мектеп-интернаты журналистика курсын оқушылар, «Сыр Медиа» және «Жайық пресс» ЖШС, Астана, Көкшетау, Шымкент қалалық баспасөз өкілдері,  сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжан журналистері қатысты.

БҰҰ-ның 70 жылдығы мен Бүкіләлемдік радио күніне арналған қысқы мектептің ұйымдастырушысы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті.  

Қысқы мектеп күндері Мұрат Абенов, Тимур Сержанов, Мұхамедәлі Бұхарбаев, Қанат Әуесбай, Ольга Каплина, Серікқазы Кәкібаланов, Өркен Кенжебек, Яков Федоров, Нұрсұлтан Құрман, сондай-ақ, Аита Сұлтаналиева (Қырғызстан), Фатима Муминова (Өзбекстан), Бюлбюл Әлиевалар(Әзірбайжан) шеберлік сыныптарын жүргізді.

Журналистика қысқы  мектебіне қатысқан ең үздік жобалар мен идеялардың авторлары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Мейірхан Амангелді, Қорқыт ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Серікхан Жүзеев пен

М. Қозыбаев атындағы  Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті  демеушілер тарапынан арнайы шәкіртақы тағайындалды.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі ең үздік жазбалары үшін әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ студенті Әсел Сарқытқа, «Тұран» университетінің студенті Игіликова Гүлалияға, Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын «Дарын» мектеп-интернаты Жансая Себеповаға отандық «Brosh» әшекейлер өңдейтін компанияның өнімдері тарту етілді.

Хабарламаларға жазылу