Патриоттық тақырыпта шығарма жазудан конкурс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Патриоттық тақырыпта шығарма жазудан конкурс өтеді

09.09.2014
Патриоттық тақырыпта шығарма жазудан конкурс өтеді

Алматыда 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында мектеп оқушылары мен орта білім беру орындарында патриоттық тақырыпқа арналған шығарма жазудан республикалық конкурс өтеді. Сайыс II Дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығына арналмақ.

Байқауды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы және университеттің ЮНЕСКО орталығы жүзеге асырады.

Қазылар алқасы үздік шығармаларды таңдап алып, байқаудың соңында арнайы сертификаттармен марапаттайды. Байқаудың қорытындысы 2015 жылдың  наурыз айында шығарылады.

Оқушылар шығарамасына қойылатын талаптар:

Шығармалар профессор Ләйлә Сейсембекқызы Ахметованың электронды мекенжайына  laila_akhmetova@mail.ru   жіберу керек.

Қазақстанның орта мектептерінде білім алатын оқушылардың ғана шығармалары қабылданады.

Рәсімдеу келесі үлгіде болуы шарт:

Шығарма 3 беттен аспайтын мәтін, шрифт-Times New Roman, кеглі-14

Шығарма келесі стандарттарға сәйкес рәсімделуі керек:

Байғабылова Нұрай

10 сынып, гимназия № 26  Жезқазған қаласы

Қарағанды облысы

Жетекші: Чиркина Валентина Ивановна

E-mail: _________

Хабарламаларға жазылу