Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті байқау жариялайды

15.01.2014
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті байқау жариялайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы және университеттің ЮНЕСКО орталығы мектеп оқушылары арасында байқау ұйымдастыруда. Бұл туралы журналистика факультетінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Байқауға Қазақстанның тарихы, рухани құндылықтары, сонымен қатар салт-дәстүрі және өнері туралы жазылған шығармалар ұсынылады.
 
Ал қоғаммен байланыс туралы шығармашылық жұмыстар бәйгесіне тапсырылатын материалдар  Қазақстан, мектеп, үйірме, сүйікті сабақ және өзі тұратын мекен туралы эссе, видео, аудио-сұхбат, әңгімелер болуы тиіс.
 
Материалдар 2014 жылдың 28 ақпанына дейін қабылданады. Ал байқау қорытындысы наурыз айында жарияланады.
 
Байқау материалдарына қойылатын талаптар туралы мына жерден біле аласыздар: www.jurfak.kz

Хабарламаларға жазылу