М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры лауазымына Асхат Сәлімұлы Иманғалиев тағайындалды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 қаулысымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының 21-ші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №11 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын іріктеу, тағайындау және аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры лауазымына Асхат Сәлімұлы Иманғалиев тағайындалды», делінген хабарламада.
Біздің анықтама:
Асхат Иманғалиев 1953 жылы Атырау қаласында туған. Педогогика ғылымдарының докторы, профессор. Ол Атырау педогогикалық институтының тарих факултетін (қазіргі Атырау мемлекеттік университетті) және Алматыдағы педогогикалық ғылымдар ғылыми-зертеулік институтының аспирантурасын (1985) бітірген. Атыраудағы темір жол көлігі техникумында оқытушы (1975–76), бастауыш комсомол ұйымының хатшысы (1977–79), Атырау педогокикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент (1991), ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры болған. 2000 жылдан Атырау университетінің ректоры қызметін атқарды.
«Жоғары сынып оқушыларының сауықтыру дене тәрбиесі жүйесіндегі педагогикалық валеологияның дамуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорған. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – жоғары мектеп педагогикасы, педогогикалық валеология және қазақ ұлттық педагогикасы мен ұлттық тәрбие мәселелері.