Ұлттық арна эфирінен көрсетілген отандық «Сырғалым» телехикаясының екінші маусымы жақында көрерменге жол тартады. Осыған орай «Таңшолпанда» «Сырғалым» телехикаясының кейіпкерлері – Жұлдыз Махан және Олжас Нұрбай қонақта болды.
«Телехикаяның екінші маусымының түсірілім жұмыстары тамыз айында аяқталған. Одан бергі уақытта монтаж жұмыстары жүргізіліп, енді келер аптаның басында эфирге шығады»,-дейді жағымды жаңалықпен бөліскен кейіпкерлер.
«Сырғалымның» бірінші маусымы төрт айдай түсірілді. Ал, 32 бөлімнен тұратын екінші маусым үш айдай уақытта түсірілді. Актерлермен бір-бірімізге бауыр басып та кеттік»,-дейді Сырғалымды сомдаған Жұлдыз Махан.
«Алғашқы маусымда отбасы, ондағы ахуал баяндалса, екінші маусым Сырғалымның және оның достарының қызметі, түрлі өзекті мәселелер мен оқиғаларды сипаттайды»,-дейді актер Олжас Нұрбай.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.