«Қазақ журналистикасының қара жорғасы, қарымды қаламгер, білгір ғалым». Сапар Байжановқа замандастары кезінде осындай баға берген екен. Көсемсөз шебері алдымен «Лениншіл жас» газетінде ойлы жазбаларымен көзге түсті.
Содан кейін «Социалистік Қазақстан» газетін басқарды. Алайда, оның ең үлкен қызметі «Мәдениет және тұрмыс» журналымен тығыз байланысты.
Сапар Байжанов «Замандас туралы толғау», «Архив-айғақ», «Абай және архив», «Қажыға барған қазақтар» секілді зерттеулердің және «Алакөбеде оят мені» романының авторы.
Қоғамға сіңірген еңбегі үшін «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Жазушы туралы «Өмірге өкпесі жоқ адам» атты естеліктер жинағы жарыққа шыққан.
«Ол кісі алдымен адамның өресіне, біліміне, ал журналистердің қаламының қарымына қарайтын. Әр облыстан қаншама адамды «Социалистік Қазақстанға» шақырып алды. Сонда олардың ешбірін жүзбе-жүз көрмей, баспасөз бетінде жазған дүниелеріне қарап таңдайтын»,-дейді жары Күләш Бейсембиева.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.