Бүгін - жазушы Шабдарбай Қатжанұлы дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - жазушы Шабдарбай Қатжанұлы дүниеге келген күн

08.10.2016
Бүгін - жазушы Шабдарбай Қатжанұлы дүниеге келген күн

8 қазан, сенбі, 2016 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

156 жыл бұрын (1860) Верный қаласында Жасыл базар ауданындағы тар бөлмеде орналасқан алғашқы пошта бөлімшесі ашылды. Бүгінде Алматы поштампы - «Қазпошта» АҚ-ның ең ірі және алдыңғы қатарлы филиалдарының бірі.

пт

20 жыл бұрын (1996) «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ құрылды.

5 жыл бұрын (2011) Алматыда Жүсіпбек Елебековке (1904-1977) арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш оның есімі берілген Республикалық эстрадалық-цирк колледжіне қарама-қарсы орналасқан.

49 жыл бұрын (1967) Ұлыбританияда жүргізушілердің ағзасында алкогольді анықтау үшін арнайы түтіктер алғаш рет пайдаланды.

ъххъ

 

ЕСІМДЕР

 

105 жыл бұрын (1911-1993) техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент-мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері Сергей Ксенофонтович КАЛИНИН  дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924-2006) қазақтың ақыны Гүлсім СЕЙІЛЖАНОВА дүниеге келді.

85 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Рамазанұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВ  дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1936) жазушы Шабдарбай ҚАТЖАНҰЛЫ  дүниеге келді. Моңғолияның Баянөлгей аймағында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Жазушының «Аға жолы», «Көрімдік», «Күн ашық», «Қалқатай», «Керім-ау айдай», «Өз қолымен», «Алтай суреті», «Өмір ізі» атты жыр және прозалық кітаптары бар.

жэ\

76 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі Жібек Есекейқызы БАҒЫСОВА  дүниеге келді. 

иьи

68 жыл бұрын (1948) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Жігер» жастар шығармашылық фестивалінің лауреаты Татьяна АЗОВСКАЯ  дүниеге келді.

66 жыл бұрын (1950-2007) ақын, журналист, аудармашы Өтепберген АҚЫПБЕКҰЛЫ  дүниеге келді.

с см т

Хабарламаларға жазылу